
SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
6
Пайдалануға дайындық

бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
Бұл телефон BL-4U батареямен пайдалануға арналған. Әрқашан Nokia
корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,
сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
1 Саусауғыңызды телефонның жиегіндегі тесікке салып, артқы қақпақты
жайлап көтеріп, алыңыз. Салынған болса, батареяны көтеріп шығарыңыз.
2 Құлпын ашу үшін SIM картасының ұстауышын сырғытыңыз да, оны тырнақпен
көтеріңіз.
3 SIM картасының контакт бетінің төмен қарап тұрғанын тексеріп, картаны
ұстағышқа салыңыз. Құлыптау үшін карта ұстауышын сырғытыңыз
Пайдалануға дайындық
7

4 Батареяның және батарея бөлігінің түйіспелерін келтіріп, батареяны
салыңыз. Артқы қақпақты қайта орнату үшін төменгі құлыптау тиектерін
ұяшықтарына (1) қарай бағыттаңыз да, қақпақты орнына (2) құлыпталғанша
басыңыз.