
Bluetooth байланыс мүмкіндігі туралы ақпарат
Мәзір
>
Параметрлер
>
Байл. мүмкіндігі
>
Bluetooth
опциясын таңдаңыз.
Телефондар, компьютерлер, гарнитуралар және көлік жинақтары сияқты басқа
үйлесімді құрылғыларға сымсыз қосылуға болады.
Байланысты телефоннан элементтер жіберу үшін, үйлесімді компьютерден
файлдарды көшіру және үйлесімді басып шығару құралынан файлдарды басып
шығару үшін пайдалануға болады.
Bluetooth сымсыз технологиялары бар құрылғылар радио толқындарын
пайдаланатындықтан, олардың тікелей көрініс аймағында болуы қажет емес.
Дегенмен, байланысқа қабырғалар немесе басқа электрондық құрылғылар
сияқты кедергілер келтірілуі мүмкін болғанымен, олар бір-бірінен 10 мтер (33 фут)
қашықтық шегінде болуы керек..
Қосылу мүмкіндігі
29

Телефоныңыз құлыптаулы болғанда,
Авт. байл-с
күйіне орнатылған жұпталған
құрылғыға ғана қосылуға болады.
Ескерім: Кейбір елдерде Bluetooth технологиясын пайдалануға шектеулер
қойылған болуы мүмкін. Мысалы, Францияда Bluetooth технологиясын тек
ғимараттардың ішінде пайдалануға рұқсат беріледі. Қосымша ақпарат алу үшін,
жергілікті билік органдарына хабарласыңыз.