
Bluetooth функциясын пайдаланып суреттерді немесе басқа мазмұнды жіберу
Bluetooth функциясын өзіңіз жасаған суреттерді, бейнелерді және басқа
мазмұнды компьютеріңізге немесе досыңыздың телефонына жіберу үшін
пайдаланыңыз.
1 Жіберу керек элементті таңдап, ұстап тұрыңыз, содан кейін
Жіберу
>
Bluetooth арқ-ы
тармағына өтіңіз.
2 Қосылу керек үйлесімді құрылғыны таңдаңыз. Егер құрылғыны көрмесеңіз,
Жаңа іздеу
пәрменін таңдаңыз. Маңайдағы Bluetooth құрылғылары тізіледі.
3 Сұралса, кілтсөзді енгізіңіз.
Кеңес: Сондай-ақ, Bluetooth функциясын бизнес кәртішкелерін жіберу үшін
пайдалануға болады.