
Телефон мен компьютердің арасында мазмұнды көшіру
Суреттер мен басқа мазмұнды телефон мен үйлесімді компьютер арасында көшіру
үшін USB деректер кабелін пайдалануға болады.
1 Телефонды компьютерге қосу үшін үйлесімді USB деректер кабелін
пайдаланыңыз.
2 Келесі режимдердің бірін таңдаңыз.
Nokia Ovi Suite — Компьютерде Nokia Suite орнатылған.
М-медиа тасым. — Компьютерде Nokia Suite орнатылмаған. Телефонды
үйдегі көңіл көтеретін құрылғыға немесе принтерге қосқыңыз келсе, осы
режимді пайдаланыңыз.
Сыйымды жад — Компьютерде Nokia Suite орнатылмаған. Телефон
компьютерде тасымалды құрылғы ретінде көрсетіледі. Жад картасы
салынғанын тексеріңіз. Егер телефонды үй немесе машина стереосы сияқты
басқа құрылғыларға қосқыңыз келсе, осы режимді пайдаланыңыз.
3 Мазмұнды көшіру үшін, компьютердің файлдар реттегішін пайдаланыңыз.
Контактілерді, музыка файлдарын, бейнелерді немесе суреттерді Nokia Suite
бағдарламасымен көшіріңіз.