
Nokia қызметтері
Nokia қызметтерінің көмегімен жаңа орындар мен қызметтерді тауып,
достарыңызбен хабарласып отыра аласыз. Мысалы, мына әрекеттерді орындауға
болады:
•
Түрлі әлеуметтік желі қызметтеріндегі достарыңыздың жаңартылған күйлерін
көру
•
Телефонға ойындарды, қолданбаларды, бейнелерді және үндерді жүктеп алу
•
Yahoo! тіркелгісімен басқарылатын тегін Nokia поштасын алу
Кейбір нәрселер тегін болуы, ал кейбіреулері үшін ақы алынуы мүмкін.
Қол жетімді қызметтер елге немесе аймаққа қарай да әртүрлі болуы мүмкін,
сондай-ақ барлық тілдерге қолдау көрсетіле бермейді.
Nokia қызметтерін пайдалану үшін сізге Nokia тіркелгісі қажет. Телефонда
қызметке қатынағанда, тіркелгі жасауға нұсқау беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін, www.nokia.com/support торабына өтіңіз.
48
Nokia қызметтері