Nokia Asha 300 - Nokia Suite туралы

background image

Nokia Suite туралы
Nokia Suite PC бағдарламасы мына мүмкіндіктерді береді:

Әндер, суреттер немесе жеке бейнелер сияқты мазмұнды телефон мен

компьютер арасында көшіру және таңдаулылардың әрқашан өзіңізбен болуы.

Сандық құқықтарды басқарумен (DRM) қорғалған музыка файлдарында

көшіру немесе ойнату шектеулері болуы мүмкін.

Бағдарлама жаңартуларының көмегімен телефонның бағдарламасын

жаңартып отырыңыз және жаңа мүмкіндіктерді алыңыз. Сондай-ақ,

телефонды жаңарту аллдында телефон мен бағдарламалардың сақтық

көшірмесін жасауға болады.

Телефонды жоғалтып алған жағдай үшін оңай қалпына келтіру үшін

компьютеріңізде контактілер немесе хабарлар сияқты маңызды ақпараттың

сақтық көшірмесін жасаңыз.

Қызықтарды көріңіз, телефоныңызға бағдарламаларды, ойындарды және

басқа ойын-сауықтарды жүктеңіз.

Nokia Suite туралы қосымша мәліметтер алу үшін және Nokia Suite қай амалдық

жүйелермен жұмыс істейтінін тексеру үшін www.nokia.com/support бетіне өтіңіз.